Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның 8-1-бабының қолданыстағы редакциясы түсініктемелермен.
1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
2. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:
1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
4) туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу;
4-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу;
5) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
7) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
8) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
9) сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
10) егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
11) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;
12) тұтынушылардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.
3. Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.
4. Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.
5. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушының арасында жасалған тауарды сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету туралы кез келген шарт оларды түсіну үшін арнайы білімді қажет етпейтін, нақты тұжырымдалған және екіұшты түсіндіруді болғызбайтын талаптарды қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңының 8-1-бабына түсініктеме
Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңының 8-1-бабы тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзуы мүмкін талаптарды айқындайды.
Осы бапқа сәйкес, шарт жасасу кезінде тұтынушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын қолайсыз шарттарға келісуге мәжбүр болмауы керек. Мұндай шарттар, мысалы, сатушыға тұтынушыға қарағанда үлкен құқықтар беретін тең емес шарттарды немесе тұтынушылық құқықтарды қиындататын немесе шектейтін шарттарды қамтуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар болған жағдайда тұтынушы шарт жасасудан бас тартуға немесе тараптардың неғұрлым тең жағдайын қамтамасыз ететін оның талаптарына өзгерістер енгізуге құқылы. Егер сатушы немесе орындаушы қолайсыз шарттарды талап етсе, тұтынушы өз құқықтарын қорғау үшін сотқа немесе басқа тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына жүгіне алады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңының 8-1-бабы тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қолайсыз жағдайлардан қорғауға бағытталған. Ол тұтынушылардың келісім-шарттар жасасу кезінде тең және әділ қарым-қатынас жасауға құқығы бар екенін және олардың құқықтарын бұзу заңнамаға сәйкес тоқтатылуы керек екенін атап көрсетеді.